Жұма, 30.10.2026, 14:57
Қош келіпсіз Қонақ | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кіру формасы
Біздің сұрау
Сіз не іздеп едіңіз?
Барлық жауаптар: 18952
Статистика
Статистика посещаемости сайта счетчик посещаемости, счетчик посещений
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Басты бет » 2010 » Қыркүйек » 12

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. 20-шы ғасырда ауданы жағынан — 68 мың км² — әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960-шы жылдардан бастап теңіздің суы азайып келді.

Арал теңізінің тарихы

Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады. Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» \саяхаттар мен мемлекеттер кітабы\ атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер көлі деп атайды. Ал, Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах, яғни бір фарсах-6 шақырым. Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух \қара таулар\ деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның бастыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі – 190 метрге жетеді. Сол сияқты Араб географы Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп аталған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш \Сырдария\ және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам \шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары\» атты қол жазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Сондай-ақ жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен, бұл кезеңдегі табиғат жағдайларының кейбір ерекшеліктерінің көрсетілуі қазіргі осы өлкенің табиғатының өзгеруі сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы яғни, арнайы зерттеулердің басталуы \17-19 ғғ.\ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол 17 ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни, 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілім жасау нәтижесінде карта жазған. Жалпы, Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Демек, ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр болды. Ал, содан нақты бүгінгі қалған теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Демек, теңіздің осындай құрғауына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам, бұл күндері нақты шындыққа айнала бастады. Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері, ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзетін кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша кепкен теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою өрнектері сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес» аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен дген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын.

Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 7903 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 12.09.2010 | Пікірлер (0)

Шоқан Уәлиханұлы (1835—1865) — қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шын аты — Мұхаммед Қанафия. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес қыстауында туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен кұндерін өткізген. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусында оқытады. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген.

Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді.

Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен,Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.

1852 жылы Костылецкийдің көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры Березин танысады. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін зерттеу ісіне тартқан. Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның «Жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын.

Кадет корпусын он сегіз жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады.

Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 3364 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 12.09.2010 | Пікірлер (0)

Ең алғаш радионың шығуы әлемге дамудың жаңа қадамына жол ашты. Дәл осылайша радионы  1895 жылы Александр Степанович Попов ойлап тапты. Ол ең алға сымсыз «Генрих герц» сөзін 250метрге 1897 жылы жеткізді. 1900 жылы А.С. Поповтың еңбегі үлкен алтын медальмен және электротехникаға қосқан үлесі үшін  диломмен Парижде марапатталды. 1895 жылдың көктемінде радиосигналдың ұзақтығы 1,5 км болды. Әрине Радионы жасау оңайға тимеді және де Қазақстанда ең алғаш болып «Қазақ» радиосы құрылды.

Радио каналдар:

  • Альбомы Бориса Гребенщикова «Radio Silence» и «Radio London»
  • Альбом «Radio K.A.O.S.» Roger Waters
  • Альбом «Радио Награ» группы Иван Купала
  • Песня «Радио Ненависть» группы Soularis
  • Песня «On The Radio» Donna Summer
  • Песня Radio Ga Ga" группы Queen
  • Песня Radio Free Moscow группы Jethro Tull
  • Песня Radio Free Europe группы R.E.M.
  • Песня Радио группы Несчастный случай
  • Песня Радио ночных дорог из репертуара Валерия Сюткина.
  • Песня Listen to the Radio Robbie Willams
  • Песня Dont Listen to the Radio The Vines
  • Песня On the Radio Nelly Furtado
  • Песня Radio #1 группы Air ... Толығымен оқу»
Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 26993 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 12.09.2010 | Пікірлер (0)

Адамзат тарихында ірілі- уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен  ең жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқараста өзгеріп келеді. Қазіргі кезеңнің бір қасиеті-баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың жаңа Қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым 1941- 1945 ж.ж. Ұлы-Отан соғысының тарихынада тікелей әрі толығымен қатысты. Осынау қырғын тұрғысында жүздеген кітаптар мен мыңдаған мақалалар жазылғанмен, сол соғыс жайлы нағыз шындық әлі айтылған жоқ.

Қазір соғыстан кейінгі он жыл ішінде ол жайлы естелік әдебиет болмағанын көз алдына елестету қиын. Бұған соғысқа қатысқандарды кінәләудің жөні жоқ, өйткені оның тарихын терең зерттеуге тек партияның XX съезінен кейін ғана мүмкіндік туды.

Соғыстың сан өткелінен өткен жауынгерлер Сталиннің 1945 жылғы мамырдағы қошамет сөзін (тостын) жиі еске алады. Онда 1941-1942 жылдарда қиын-қыстау тұстарда жіберілген бір қатар қателіктерді тікелей мойындау және оларға әдейі баға беру бар, өйткені Сталин (үкімет) деген сөзді келтіргенде алдымен өзін алға тартуға әдет еткен еді.

Әрине мұның бәрі жөн. Бірақ Сталин өзінің бұл сөзімен өзгелерді, олардың ішінде тарихшыларды соғыс барысына дұрыс та сыни тұрғыда баға беруге шақырған жоқ. Қайта ол ең жоғары төбе би тәрізді тарихтың осы бір кезеңіне тек өзі ғана баға беріп, алдағы уақытта бұл оқиғаға басқаша баға беру мүмкін еместігін анық аңғартқанды. Оның айтқаны өткен жайлы ашы шындықты әйгілеуге шақырғандай болғанымен, іс жүзінде бұрынғыны әрі қарай зерттеуге мүмкіндік бермей, бұл тақырыпқа соңғы нүкте қойғандай әсер қалдырғандай болатын.

Жариялылық пікір алуандығы, бұрындары зерттеушілердің қолына түспеген архивтардың ашылуы соғыстың барысына және қорытындыларына берілетін бағалардың да сан алуандығына әкеліп тіреді, Әділдік үшін айта кеткен жөн болады - соғысқа ол жайлы әдебиетке, оның тәжірибелеріне тәрбиелік мәніне деген әрқилы көзқарас соғысқа дейін де, оның барысында да орын алды. Сөйтіп, бұл айтыстың түп-тамыры қазірге дейін жалғасып келе жатқанына қарамастан тереңде жатыр

Толық нұсқасын ЖҮКТЕУ!!!

Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 13769 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 12.09.2010 | Пікірлер (0)

 

Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді.

Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті.

Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді.

Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және ұғынуға тиіспіз.

Өзіміздің басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз.

Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.

Бүгінгі таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын үғыну, жолымызда тұрған қиындықтар мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.

Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге тиіспіз.

Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар.

Толық нұсқасын ЖҮКТЕУ!!!

Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 4455 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 12.09.2010 | Пікірлер (0)

Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.

Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.

Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.

КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау,  жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.

Толық нұсқасын ЖҮКТЕУ!!!


Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 9067 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 12.09.2010 | Пікірлер (0)

Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі  бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған  ойын болатын. Өкінішке қарай, ол Кеңес Одағы кезінде  біршама тоқырауға ұшырап, артынан тіпті насихатталмай-ақ қойды. Бірақ еліміз тәуелсіздік алған кезден бері осынау ұлттық ойынымыз  қайта  жандану жолына түсті. Қазіргі таңда  республикамызда  оның жеке қауымдастығы бар,  облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған.

Қыз қуу (дәстүр, ойын).

 «Тойда  ат шабу,  балуан күресу, қыз қуу сияқты ұлт   ойындары  болады» (С.Мұқанов). «Қыз қуу» дәстүрге де,  ойынға да жататын  қазақ  арасына кең  тараған   көңілді  көрініс. Оның шарты – қыз атпен қашады,   жігіт  оны  қуып  жетсе  бетінен  сүйеді де,  кейін қашады. Енді қыз  қуып  жетсе,   оны  қамшының  астына  алады. Бұл қызықты  дәстүр  әлі де  жалғасып  келе жатыр.  

Қызойнақ (салт).

«Бір күні  қызойнаққа  барып,  таң ата келіп  жатсам, ұйықтап   қалған екенмін, әжем оятады» Б.Майлин). Әке-шешелері  жоқ кезінде  бойжеткен  қыздар  оңаша  қалып, ойын-сауық  ұйымдастырады.  Оған  (жасырын  түрде) жігіттер де қатысады.  Бұл мәжіліс  құпия  өтеді  және  оны  ұйымдастырушыларушылар  тек  қыздар   болғандықтан  «қызойнақ» деп аталған. Қызойнақ  көп  ұйымдастырылмайды,  ата-ана  оған өз қыздарының  қатысуына  қатаң тыйым  салған.  Оның мақсаты – қыздардың  жеңілтектіктен   немесе  ұятты  болып  қалудан  сақтандырады.

Толық нұсқасын ЖҮКТЕУ!!!


Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 22744 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 12.09.2010 | Пікірлер (0)

Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат полеолит-тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.

Киімнің негізгі түрлері

Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түр-ге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады:

Іштік киімдер

Бешпент, дамбал, жейде (көйлек), қамзол, күрте, (желетке), шалбар. Сыртқы (өң) киімдер Жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тай-жақы, тон, шапан, шидем, ішік, қолқап.

Сулық киімдер

Аба, кебенек, кенеп, сырт-тық, шекпен.

Ерлердің бас киімдері

Башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күл- пара, қалпақ, құлақшын, ма-лақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма.

Әйелдердің бас киімдері

Бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, ора- мал, қарқара, сәукеле, та-қия, шәлі.

Аяқ киімдер

Кебіс, көк етік, мәсі, мық- шима, саптама етік, шоң-қайма.

Толық нұсқасын ЖҮКТЕУ!!!

Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 17992 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 12.09.2010 | Пікірлер (0)

Тақырып іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2010  »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Жарнама
Ауа-райы

Ақша айналымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары
Сілтемелер
Мағжан Жұмабаев PDF Кітапхана кітаптар Рефераттар Ақселеу Сейдімбеков «Елтұтқа» Дүрәлі Дүйсебай Тіл төңірегіндегі толғамдар Көшпенділер ШЫҒАРМАЛАРЫ Өлеңдері Тіл туралы толғам Түркі өркениеті негізіндегі ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ Дос туралы дастан Реферат дипломдық жұмыс Ұялы телефон Қазақ шежіресі телефон көлік Автокөлік Алпамыс батыр калькулятор Ананың арашасы Шәкәрім Құдайбердіұлы жүктеу Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі Құттықтаулар Ораза мақал-мәтелдер Конститутция Ғарыш негізін салушы Ұлы Отан соғысы Google туралы Электрондық пошта Ең алғашқы танк Қазақтың ұлттық киімдері Қазақтың ұлттық ойындары Семей ядролық полигоны Шоқан Уәлиханұлы өмірі Килиманджаро Эверест Гималаи Джомолунгма Марс планетасы Шолпан планетасы Ай туралы интернет интернет туралы Тікұшақ Америмка АҚШ Гренландия аралдар ньюфаундленд Құрбан айт Шыңғыс Айтматов Латын Америкасы астана Ұлттық киімдер Ұлттық ойындар Семей полигоны Волейбол Баскетбол C.Торайғыров
Байланыс
Ref-Kaz-бен мүшелерімен байланысу үшін және сайтқа жарнама беру үшін мына электронды поштаға хат жаз:compauto1@yandex.ru