Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының
бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді
қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең
тараған ойын болатын. Өкінішке қарай, ол
Кеңес Одағы кезінде біршама тоқырауға
ұшырап, артынан тіпті насихатталмай-ақ қойды. Бірақ еліміз тәуелсіздік алған
кезден бері осынау ұлттық ойынымыз
қайта жандану жолына түсті.
Қазіргі таңда республикамызда оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін
деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған.
Қыз
қуу (дәстүр, ойын).
«Тойда ат шабу, балуан күресу, қыз
қуу сияқты ұлт ойындары болады» (С.Мұқанов). «Қыз қуу»
дәстүрге де, ойынға да жататын қазақ арасына кең
тараған көңілді көрініс. Оның шарты – қыз атпен
қашады, жігіт оны қуып жетсе бетінен
сүйеді де, кейін қашады. Енді қыз қуып жетсе,
оны қамшының астына алады. Бұл қызықты дәстүр әлі
де жалғасып келе жатыр.
Қызойнақ
(салт).
«Бір күні қызойнаққа барып,
таң ата келіп жатсам, ұйықтап қалған екенмін, әжем оятады»
Б.Майлин). Әке-шешелері жоқ кезінде бойжеткен қыздар
оңаша қалып, ойын-сауық ұйымдастырады. Оған
(жасырын түрде) жігіттер де қатысады. Бұл мәжіліс құпия
өтеді және оны ұйымдастырушыларушылар тек
қыздар болғандықтан «қызойнақ» деп аталған. Қызойнақ көп
ұйымдастырылмайды, ата-ана оған өз қыздарының қатысуына
қатаң тыйым салған. Оның мақсаты – қыздардың
жеңілтектіктен немесе ұятты болып қалудан
сақтандырады.
Толық нұсқасын ЖҮКТЕУ!!!
|