Мен сіздерге, Қазақстан халқына, қоғамымыздың
болашағы мен мемлекетіміздің мұраты хақындағы өзімнің пайымдауымды жолдап
отырмын. Мен Сіздерге осынау болашаққа қол жеткізіп, өз мұратымызды іске
асыруға жәрдемдесе алады-ау деген сенім ұялататын стратегияны ұсынғым келеді.
Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа
мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің
ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және
балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын
уақыт жетті.
Бұл
бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі
күнмен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен ғана өмір сүруге
болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп-жетілді.
Біз
ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз
дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екендігін анық білуге және
ұғынуға тиіспіз.
Өзіміздің
басым мақсаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға таңдау жасап,
осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді
бұралаң-бұрылысты сенделістерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды
жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз.
Мықты
стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез
келген күрделі кедергілерді абыроймен еңсере аламыз.
Бүгінгі
таңда басымыздан кешіп отырған қиын жағдайлар бізді күш-қуатымыз бен үміттен
айырмауға тиіс. Перспективаларымызды айқын үғыну, жолымызда тұрған қиындықтар
мен қауіп-қатерді бүкпесіз түсіндіру біздің қоғамымыздың барша азаматтарын
осынау ортақ міндетті шешу үшін жұмылдыруға жәрдемдеседі.
Біз
бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында
орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен
әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте
ұстауға тиіспіз.
Біз
осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгіннің өзінде жауап беруге
тиіспіз.
Егер
біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз
дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті
болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз
негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар. Толық нұсқасын ЖҮКТЕУ!!!
|