1941 жылдың 22-маусымы. Таңғы сағат төрт. Фашистік Германияның басқыншылық шабуылы басталды.
Кеңес Одағының шекарасына лап қойып, ес жиып үлгертпей, артилериялық қарулармен қаруланған, суық қару асынған фашистер кіріп келді. Соғыс басталды. Кеңес Одағы аспаннан жай түскендей күй кешті. Себебі Одақ мұндай жағдайға мүлдем дайын емес еді. Бірақ "Дайындалып ал!” дейтін жау бар ма?! Бірден іске көшкен Гитлердің әскері алғашқы кезде-ақ Қызыл Әскердің 1200 әскери ұшағын жойып жіберді. Оған қарсы тұратындай Қызыл Әскердің қауқары да жоқ еді. Өз халқының қанына тоймаған Сталин жасаған 1930 жылдардың соңындағы жаппай қудалау, репрессия фашистерге қарсы тұратын талай боздақтың өмірін қиды. Ер азаматтардың жетіспеушілігі мен әскери бөлімдерде деңейі төмен мамандардың болуы алғашқы ащы жеңілістерге әкеп соқты.
КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болған Сталин мен оның маңайындағы жоғары лауазымдылар абдырап, сасқандарынан не істерлерін білмей қалды. Сол күйде 3-шілдеге дейін Одақ халқына назар салып, болған жәйтті халық алдында ашық мәлімдемеді.
Фашистердің шабуылынан алғаш болып Брест қамалы (Брест бекінісі), Минск, Киев, Одесса, Ленинград, Сталинград қалалары соғыс өртіне оранды. Қызыл Әскер есін жиып, қорғаныс шебіне көшкенімен, жаудың бетін қайтара алмады.
Фашистер тым қатты армандап немесе өздеріне қатты сеніп қалған болса керек, КСРО-ны бірнеше айдың ішінде жаулап алмақ ниетте болды. Алайда, Мәскеу түбіндегі кескілескен ұрыста, Сталинград, Ленинград қалалары маңындағы ұрыстарда, Кавказ бен Курс доғасындағы ұрыстарда біраз шығынға ұшыраған фашистер жаспарларының оңайлықпен іске аспайтындығын аңғарды. Ақыр соңында өздерінің жеңілісімен аяқталды.
Сұм соғыстың соңында Кеңес Одағы жеңіске жетіп, ел тынышталды. Бірақ ол жеңіс миллондаған адам өміріне, ұйқысыз-тынымсыз түндерге және Одақ экономикасының күйреуіне пара-пар болды. Жеңіс төгілген қан мен ащы тердің арқасында, тынымсыз еңбектің арқасында келді.
Брест қамалы (Белоруссияның Брест қаласы аумағында орналасқан) ең алғаш болып фашистердің шабуылына ұшырады. Кеңесәскеріне қарағанда күштері басым болған жау біразға дейін созылған шайқастардан соң Брест қамалын өздерінің қарамағына алды. Брест қамалын қорғау кезінде Қызыл Әскер қатарында 6-шы және 42-ші атқыштар дивизиясы, 17-ші шекаралық отряд, Ішкі Істер Халық Комиссариатының (НКВД) 132-ші батальонынан құралған бөлімше болды. Бөлімше 3500 солдаттың басын құрады. Олардың көбісі бекіністы қорғау-қайта басып алу кезінде болған шайқастардан қаза тапты.
Қызыл Әскер күшіне мініп, 1944 жылы 28-шілдеде Брест бекінісін қайта басып алған кезде бекініс қабырғаларындағы кірпіштерге жазылған мынадай жазуды көреді: "Өліп барамын, бірақ берілмеймін. Сау бол, Отаным!". Бұл жазу 1941 жылы 20-шілде күні жазылған екен. Оны жазған солдат фашистердің шабуылына қарсы тұрған алғашқылардың бірі болған.
1965 жылы 8-мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Брес бекінісіне "Батыр бекініс” деген мәртебелі атақ берілді. Сол кезден бастап Брест бекінісі "Батыр Брест бекінісі” деп те аталады
Malimetter.org