Жұма, 30.10.2026, 17:14
Қош келіпсіз Қонақ | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кіру формасы
Біздің сұрау
Сіз не іздеп едіңіз?
Барлық жауаптар: 18952
Статистика
Статистика посещаемости сайта счетчик посещаемости, счетчик посещений
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Басты бет » 2010 » Тамыз » 18
Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ ардақты мұсылман бауырлар!Ораза

Міне төрт мезгіл ішінде асыға күткен айлардың сұлтаны Рамазан айыда жетіп келді. Ертеде сахабалар бұл айды жыл бойында асыға қимастықпен шығарып салып, тағатсыздана күтіп қуанышпен қарсы алатын. Ораза айы біткенде де Аллаһқа деген құлшылықтарын арттырып рамазан айында ерекше тақуалыққа бөленген қасиеттерін Рамазан айынан кейінде бірнеше ай көп құлшылықпен жалғастыратын. Солай он екі айдың жартысын өткізсе, қалған жартысын ораза айы жақындауда деп тағыда құлшылық ғибадаттарын арттырып оразаға дайындалатындарын тарихтан жақсы білеміз. Бұл Құран түскен қасиетті айдың сауаптары өте мол. ИншаАллаһ біз сіздерге отыз күн бойы Құран айында қасиетті Құранның аяттарын осы сайтымыз арқылы беріп отыратын боламыз. Құран айында Құран аяттарына кеңірек тоқталып, көп зікір етпегенде қай айда одан артығырақ жасауымыз мүмкін?! Әрине бұл айдың сауабы шексіз. Отыз күн оразаның алғашқы он күні «мейірім күндері» бұл күндері Аллаһтың мейірімін тілейік, ортасындағы он күн «кешірім күндері» бұл күндері Аллаһтан кешірім тілейік, соңғы он күні «тозақ отынан қалқан болу» яғни бұл күндері жаратушымыздан тозақ отынан сақтауын тілейік. Бұл ораза айында Қадыр түні бар. Бұл түн мың айдан артық сауабы бар ең қасиетті түн. Ендеше осындай қасиеттерге толы бұл Рамазан айы құтты мүбарак болсын! Аллаһ Тағала сауаптарымызды арттырып, өзінің ораза ұстағандарға ғана сүйіншілейтін жұмақтың Райян атты қақпасынан қуанышты түрде кіруімізге барлығымызды нәсіп қылсын! Әмин.

Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 4841 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 18.08.2010 | Пікірлер (0)

Абай ҚұнанбайұлыАбай
(22.08.1845 қазіргі Семей обл., Абай ауд. – 05.071904)
Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:
Шынжыр балақ, шұбар төс Ызгызбайым,
Тоқоақ жалды торайғыр Қатібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым, -Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.





Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 2914 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 18.08.2010 | Пікірлер (0)

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)Шәкәрім
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердиевтің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді. Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның творчествосы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. 19ғ. - дың аяғы мен 20ғ.-дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!" (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. "Өмір", "Сәнқойлар", "Ызақорлар", "Құмарлық", сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.
Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, ("Анық асық әулие", "Шын сырым") адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді. "Жастарға" (1880), "Арман", "Насихат" (1881) атты өлеңдерінде әртүрлі тап пен топ өкілдерінің ниет, мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сө з етеді. Ш.Қ.- қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде ("Бай мен кедей", "Бай мен қонақ") мәселенің әлеуметтік мәнін ашуға бара бермейді. Үстем таптың озбырлығын, қиянатын айтумен шектеліп, "еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын" деп уағыздайды. "Жуандар" деген өлеңінде байларды сынайды, бірақ таптық көзқарасты санасына терең сіңіре алмай, ағартушылық көзқараста қалып қояды.





Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 5704 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 18.08.2010 | Пікірлер (0)

Тақырып іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2010  »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Жарнама
Ауа-райы

Ақша айналымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары
Сілтемелер
Мағжан Жұмабаев Кітапхана PDF кітаптар Рефераттар «Елтұтқа» Ақселеу Сейдімбеков Тіл төңірегіндегі толғамдар Дүрәлі Дүйсебай Көшпенділер ШЫҒАРМАЛАРЫ Өлеңдері Тіл туралы толғам ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ Түркі өркениеті негізіндегі Дос туралы дастан Реферат дипломдық жұмыс Қазақ шежіресі Ұялы телефон телефон Алпамыс батыр көлік Автокөлік Ананың арашасы калькулятор жүктеу Шәкәрім Құдайбердіұлы Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі Құттықтаулар Ораза мақал-мәтелдер Конститутция Ғарыш негізін салушы Ұлы Отан соғысы Google туралы Электрондық пошта Ең алғашқы танк Қазақтың ұлттық киімдері Қазақтың ұлттық ойындары Семей ядролық полигоны Шоқан Уәлиханұлы өмірі Килиманджаро Эверест Гималаи Джомолунгма Марс планетасы Шолпан планетасы Ай туралы интернет туралы интернет Тікұшақ АҚШ Америмка Гренландия аралдар ньюфаундленд Құрбан айт Шыңғыс Айтматов Латын Америкасы астана Ұлттық киімдер Ұлттық ойындар Семей полигоны Баскетбол Волейбол C.Торайғыров
Байланыс
Ref-Kaz-бен мүшелерімен байланысу үшін және сайтқа жарнама беру үшін мына электронды поштаға хат жаз:compauto1@yandex.ru