Жұма, 30.10.2026, 11:26
Қош келіпсіз Қонақ | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кіру формасы
Біздің сұрау
Сіз не іздеп едіңіз?
Барлық жауаптар: 18952
Статистика
Статистика посещаемости сайта счетчик посещаемости, счетчик посещений
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Басты бет » 2010 » Қараша » 2 » АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
10:48
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, «Алаш» партиясының, «Алашорда» ұлттық кеңесінің, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақын, аудармашы, «Қазақ» газетінің (1913—1918) ұйымдастырушысы әрі бас редакторы, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны Ахмет Байтұрсынұлы (5.09.1872—8.12.1937) қазіргі Қостанай облысындағы Сарытүбек (Торғай уезінің Тосын болысының №5 ауылы) деген жерде дүниеге келген. Архив деректеріне жүгінсек, А.Байтұрсынұлының өз қолымен толтырылған «Ағартушылық халық комиссариатының қызмет тізімінде: «5 сентябрь 1872 г.р.» (ҚРОМО, 81-қ, 1-тізім) деп жазылған. Тағы осы қордағы: «Жауапты қызметкерлер анкетасында»: «...1872 г., 5/ІХ урож. Торгайского уезда» деп көрсеткен.
Әкесі Байтұрсын Шошақұлы беделді, әділетті кісі болған. Ағайынды Байтұрсын мен Ақтас ел қамы үшін Яковлев деген жергілікті уездің бастығына қарсылық көрсеткендері үшін бас бостандықтарынан айырылып, 15 жылға, яғни, 1885 жылы Сібірге жер аударылады. Өзінің күрескерлік жолға түсуіне осы оқиғаның тікелей әсері болғанын ақын Ахмет «Анама хат» өлеңінде:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам? — (1: 115)
деп еске алған.
Әкесінің інісі Ерғазының тәрбиесінде болған Ахмет бастауыш білімді Ыбырай Алтынсарыұлы негізін қалаған қазақ мектебінде алып, 1891 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. 1896—1907 жылдары Дақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық және болыстық мектептерде мұғалім болып қызмет атқарады. Білім беру жүйесімен ерте таныс болған ғалым осы саладағы қажеттіліктерге ерекше назар аударған. Ол мектепке арналған оқу құралын жазуды қолға алады. Кейін бұл жұмыс қазақ тілі мен әдебиетінің ғылыми заңдылықтарын түсіндіретін теориялық еңбектер жазуға ұласты.


Көрілімдер: 4923 | Қосқан: Muha | Рейтинг: 2.0/2
Тақырып іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2010  »
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Жарнама
Ауа-райы

Ақша айналымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары
Сілтемелер
Мағжан Жұмабаев PDF Кітапхана кітаптар Рефераттар «Елтұтқа» Ақселеу Сейдімбеков Тіл төңірегіндегі толғамдар Дүрәлі Дүйсебай Көшпенділер ШЫҒАРМАЛАРЫ Өлеңдері Тіл туралы толғам Түркі өркениеті негізіндегі ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ Дос туралы дастан Реферат дипломдық жұмыс Ұялы телефон Қазақ шежіресі телефон Автокөлік көлік Алпамыс батыр Ананың арашасы калькулятор Шәкәрім Құдайбердіұлы жүктеу Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі Ораза Құттықтаулар мақал-мәтелдер Конститутция Ғарыш негізін салушы Ұлы Отан соғысы Google туралы Электрондық пошта Ең алғашқы танк Қазақтың ұлттық киімдері Қазақтың ұлттық ойындары Семей ядролық полигоны Шоқан Уәлиханұлы өмірі Килиманджаро Джомолунгма Гималаи Эверест Марс планетасы Шолпан планетасы Ай туралы интернет туралы интернет Тікұшақ АҚШ Америмка Гренландия аралдар ньюфаундленд Құрбан айт Шыңғыс Айтматов Латын Америкасы астана Ұлттық киімдер Ұлттық ойындар Семей полигоны Баскетбол Волейбол C.Торайғыров
Байланыс
Ref-Kaz-бен мүшелерімен байланысу үшін және сайтқа жарнама беру үшін мына электронды поштаға хат жаз:compauto1@yandex.ru