Құрбан айт жайында!!! - 2 Ноября 2010 - Қазақша рефераттар
Жексенбі, 04.12.2016, 11:09
Қош келіпсіз Қонақ | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кіру формасы
Біздің сұрау
Сіз не іздеп едіңіз?
Барлық жауаптар: 17828
Статистика
Статистика посещаемости сайта счетчик посещаемости, счетчик посещений
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Басты бет » 2010 » Қараша » 2 » Құрбан айт жайында!!!
10:45
Құрбан айт жайында!!!
Айт исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Ол ораза айты, құрбан айты деп аталады. Айт Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айты отыз күн ораза біткеннен кейін болады. Ораза айын "рамазан айы” деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Мұхамет пайғамбар Алла тағаланың сөзін ораза айында естіген.
Құрбан айты да мұсылмандардың бас мейрамы. Ол Ораза айынан соң 70 күннен кейін басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. (Зұлхижа – қажылыққа баратын ай).
Құрбан айтында әр мұсылман дін құрметіне, әруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып құрбан шалады. "Бұл да мұсылманшылықтың басты бір парызы ("Мұхтасар” ). Құрбан шалушыға жұрт "Құрбандық қабыл болсын” дейді. Ауру, ақсақ , соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Әруақтарға бағышталып дұға оқылады, бата беріледі.
Айт күндері таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттықтайды "Айттық” сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады. "Айт күні айтқан тілеулері дұрыс екен бишаралардың....” ( Б. Майлин).
Екі айт та мұсылман елдерінде үлкен той дәрежесінде өтеді және ол демалыс күндері болып қалыптасқан.
Ораза айт пен құрбан айт. Орта Азия халықтары сияқты, Қазақ арасына да ислам діні тараған. Содан кейін ел ішіне аса маңызды діни мейрамдар мен дәстүрлер де Қоса еніп, жатырқаусыз Қабылданған. Заманнан заман өте келе оның сарыны санаға сіңіп, Ұлттық сипатқа айналған. Сондай халықтық мейрамның бірі — Ораза айт. Бұл ислам дінінің ережесі бойынша арнайы белгіленген айда жыл сайын отыз күн ораза Ұстап, ауыз бекіту парызы өтеліп біткеннен кейін ауыз ашып, тамақты еркін ішіп-жеуге жол берілетін алланың рақымы. Ауыз ашудың рәсімі басталған соң, Ұдайы Үш күн мереке салтанаты жасалады. Мұсылмандар барлық жұмысты, шаруаны тоқтатып, сол күндері емін-еркін ойнап-күлуге ерікті. өз ниетінің Қуанышты мерейіне бөленуге тиіс.
Көрілімдер: 3479 | Қосқан: Muha | Тегтер: Құрбан айт | Рейтинг: 3.8/6
Тақырып іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Жарнама
Ауа-райы

Ақша айналымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары
Сілтемелер
Мағжан Жұмабаев PDF кітаптар Кітапхана «Елтұтқа» Ақселеу Сейдімбеков Дүрәлі Дүйсебай Тіл төңірегіндегі толғамдар Көшпенділер ШЫҒАРМАЛАРЫ Өлеңдері Тіл туралы толғам Түркі өркениеті негізіндегі ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ Дос туралы дастан телефон Қазақ шежіресі Ұялы телефон Автокөлік Алпамыс батыр көлік дипломдық жұмыс Ананың арашасы калькулятор жүктеу Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі Шәкәрім Құдайбердіұлы Ораза Құттықтаулар мақал-мәтелдер Конститутция Ғарыш негізін салушы Ұлы Отан соғысы Google туралы Электрондық пошта Ең алғашқы танк Қазақтың ұлттық киімдері Қазақтың ұлттық ойындары Семей ядролық полигоны Шоқан Уәлиханұлы өмірі Килиманджаро Гималаи Джомолунгма Эверест Марс планетасы Шолпан планетасы Ай туралы интернет интернет туралы Тікұшақ Америмка АҚШ аралдар Гренландия ньюфаундленд Құрбан айт Шыңғыс Айтматов Латын Америкасы Реферат Рефераттар астана Ұлттық киімдер Ұлттық ойындар Семей полигоны Баскетбол Волейбол C.Торайғыров
Байланыс
Ref-Kaz-бен мүшелерімен байланысу үшін және сайтқа жарнама беру үшін мына электронды поштаға хат жаз:compauto1@yandex.ru