Ғарыш негізін салушы!!! - 5 Сентября 2010 - Қазақша рефераттар
Сенбі, 03.12.2016, 03:15
Қош келіпсіз Қонақ | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кіру формасы
Біздің сұрау
Сіз не іздеп едіңіз?
Барлық жауаптар: 17820
Статистика
Статистика посещаемости сайта счетчик посещаемости, счетчик посещений
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Басты бет » 2010 » Қыркүйек » 5 » Ғарыш негізін салушы!!!
09:12
Ғарыш негізін салушы!!!


Ғарыштың негізін салушы ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковскийдің есімі бүкіл әлемге әйгілі.

К. Э. Циолковский Рязань түбіндегі Ижевск ауылында дүниеге келді. Әкесі орманшы болған. Бала кезінде тамақ ауруымен сыркаттанған Константин Эдуардович біржолата саңырау болып қалады.

Құлағы естімегендіктен бала гимназияда оқи алмайды да, білімін өз бетімен жетілдіреді. Ер жеткен соң мұғалім атағын алу үшін емтихан тапсырып, алдымен Калуга губерниясында, содан соң Калуга каласындағы училищелердің бірінде жұмыс істей бастайды. Міне, осы Калуга мектебіндегі физика мен математика пәнінің мүғалімі өзінің әуеде ұшу, авиация және ғарыш жөніндегі тамаша еңбектерін жазады.

Циолковскийлердіц отбасы үлкен болды. Олар мейлінше жұпыны тұрды. К. Э. Циолковскийдің Калугадағы музей үйіне барған кісілер оның карапайым ғана жұмыс бөлмесімен, ғалымның өзіне қажетті толып жатқан моделдер мен құрал-саймандар әзірлеген шеберханасымен танысады. Үй шатырын ол обсерватория етіп пайдаланды. Ол төбеге орнатылған шағын дүрбі арқылы Күн мен Айға, жұлдыздар мен планеталарға бақылау жасады. К. Э. Циолковскийдің осындай жұпыны жағдайда, шет аймақта орналасқан шағын қалашықта, ешкімнен ешқандай көмек ала алмаса да, тендесі жоқ ұлы жаңалықтар ашканына таңданбау мүмкін емес.

Тек Совет өкіметі орнағаннан кейін ғана Циолковскийдін тұрмысы жақсарып, оның жұмыс істеуіне жан-жақты жағдай жасалды. Совет үкіметі оған барынша көмек көрсетті.Атағы кеңінен таныла бастайды. Ғылымдағы табыстары жоғары бағаланған Циолковский  "Кызыл  Ту”  орденімен марапатталады.

К. Э. Циолковскийдін ең басты ғылыми еңбектері  ғарыш кемелері мен олардың ғарышқа  ұшуына  арналған. 1903 ж. ұлы ғалым өзінің " Әлем кеңістіктерін реактивтік құралдармен  зерттеу» деген мақаласында  планетааралық ұшулардың мүмкіндігін дүние жүзінде алғаш рет ғылыми  тұрғыдан дәлелдеп берді. Тек ракета емес,планетааралық кеме болатынын дәлелдеді. Ғарышқа  ұшатын ракеталарға отын үшін ол айрықша сұйық химиялық отын: сұйытылған  оттегі мен сутегін ұсынды.

Ғалым басқа еңбектерінде:ракетаны  қажетті  ғарыштық жылдамдыққа   жеткізу   үшін ракеталық поездар»  керек деп жазды.Қазір біз оларды  көп сатылы ракеталар деп  жүрміз.  Отын  жанып біткеннен кейін ракетаның бірінші сатысы одан бөлінеді де, Жерге құлайды.Екінші сатының қозғалтқышы іске қосылып, ракетаны одан әрі ілгері жүйткітеді.

К. Э. Циолковский адам ғарышта ұзақ уакыт тұрып жұмыс істейтін орбиталык ірі станциялар жасауды ұсынды.

Ғалым техника жетіле келе,сөзсіз игеріледі деп есептеді. Ол әлем кеңістігінде саналы тіршілік иелері мекендеген   планеталар көп деген сенімде  болды. Жерден шалғайда  жаткан тіршілік иелерінің даму деңгейі адамзат  ақыл-ойынан әлде- қайда  озық  болуы  да мүмкін.  Циолковский адамзаттың Күн жүйесіне барып қоныс тебуіне болатын техникалық  мүмкіндіктер жолын ұсынды.

Циолковский адамдар ғарыш кеңістігін игере отырып, өз планетасының табиғатына ерекше қамқорлык жасауды қажет деп білді. Оның шөл далаларды суландыратын аппараттардың тамаша жобаларын жасағаны,ауа  көпшігін транспорт есебінде пайдалану идеясын ұсынғаны сондықтан.

К. Э. Циолковскийдің есімі кашанда адамзаттың ұлы данышпандарының есімдерімен катар аталатын болады. Ол ғылым болашағын асқан көрегендікпен болжай білді. Циолковскийдің ракеталық техника мен планетааралық саяхаттар теориясына арналған зерттеулерін конструктарлар мен ғалымдар қазір де басшылыққа алады.Оның данышпандық идеялары зор табыспен жүзеге асуда.




Көрілімдер: 6566 | Қосқан: Muha | Тегтер: Ғарыш негізін салушы | Рейтинг: 4.5/8
Тақырып іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Жарнама
Ауа-райы

Ақша айналымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары
Сілтемелер
Мағжан Жұмабаев PDF кітаптар Кітапхана «Елтұтқа» Ақселеу Сейдімбеков Дүрәлі Дүйсебай Тіл төңірегіндегі толғамдар Көшпенділер ШЫҒАРМАЛАРЫ Өлеңдері Тіл туралы толғам Түркі өркениеті негізіндегі ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ Дос туралы дастан телефон Қазақ шежіресі Ұялы телефон Автокөлік Алпамыс батыр көлік дипломдық жұмыс Ананың арашасы калькулятор жүктеу Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі Шәкәрім Құдайбердіұлы Ораза Құттықтаулар мақал-мәтелдер Конститутция Ғарыш негізін салушы Ұлы Отан соғысы Google туралы Электрондық пошта Ең алғашқы танк Қазақтың ұлттық киімдері Қазақтың ұлттық ойындары Семей ядролық полигоны Шоқан Уәлиханұлы өмірі Килиманджаро Гималаи Джомолунгма Эверест Марс планетасы Шолпан планетасы Ай туралы интернет интернет туралы Тікұшақ Америмка АҚШ аралдар Гренландия ньюфаундленд Құрбан айт Шыңғыс Айтматов Латын Америкасы Реферат Рефераттар астана Ұлттық киімдер Ұлттық ойындар Семей полигоны Баскетбол Волейбол C.Торайғыров
Байланыс
Ref-Kaz-бен мүшелерімен байланысу үшін және сайтқа жарнама беру үшін мына электронды поштаға хат жаз:compauto1@yandex.ru