Абай Құнанбайұлы(тұлғалар) - 18 Августа 2010 - Қазақша рефераттар
Сәрсенбі, 07.12.2016, 15:29
Қош келіпсіз Қонақ | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кіру формасы
Біздің сұрау
Сіз не іздеп едіңіз?
Барлық жауаптар: 17852
Статистика
Статистика посещаемости сайта счетчик посещаемости, счетчик посещений
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Басты бет » 2010 » Тамыз » 18 » Абай Құнанбайұлы(тұлғалар)
15:50
Абай Құнанбайұлы(тұлғалар)
Абай ҚұнанбайұлыАбай
(22.08.1845 қазіргі Семей обл., Абай ауд. – 05.071904)
Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:
Шынжыр балақ, шұбар төс Ызгызбайым,
Тоқоақ жалды торайғыр Қатібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым, -Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.
Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.





Көрілімдер: 2165 | Қосқан: Muha | Тегтер: жүктеу, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Реферат | Рейтинг: 5.0/2
Тақырып іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Жарнама
Ауа-райы

Ақша айналымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары
Сілтемелер
Мағжан Жұмабаев PDF кітаптар Кітапхана «Елтұтқа» Ақселеу Сейдімбеков Дүрәлі Дүйсебай Тіл төңірегіндегі толғамдар Көшпенділер ШЫҒАРМАЛАРЫ Өлеңдері Тіл туралы толғам Түркі өркениеті негізіндегі ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ Дос туралы дастан телефон Қазақ шежіресі Ұялы телефон Автокөлік Алпамыс батыр көлік дипломдық жұмыс Ананың арашасы калькулятор жүктеу Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі Шәкәрім Құдайбердіұлы Ораза Құттықтаулар мақал-мәтелдер Конститутция Ғарыш негізін салушы Ұлы Отан соғысы Google туралы Электрондық пошта Ең алғашқы танк Қазақтың ұлттық киімдері Қазақтың ұлттық ойындары Семей ядролық полигоны Шоқан Уәлиханұлы өмірі Килиманджаро Гималаи Джомолунгма Эверест Марс планетасы Шолпан планетасы Ай туралы интернет интернет туралы Тікұшақ Америмка АҚШ аралдар Гренландия ньюфаундленд Құрбан айт Шыңғыс Айтматов Латын Америкасы Реферат Рефераттар астана Ұлттық киімдер Ұлттық ойындар Семей полигоны Баскетбол Волейбол C.Торайғыров
Байланыс
Ref-Kaz-бен мүшелерімен байланысу үшін және сайтқа жарнама беру үшін мына электронды поштаға хат жаз:compauto1@yandex.ru