Тек қана - Қазақша рефераттар
Жексенбі, 04.12.2016, 21:21
Қош келіпсіз Қонақ | RSS

Қазақша рефераттар сайты

Кіру формасы
Біздің сұрау
Сіз не іздеп едіңіз?
Барлық жауаптар: 17829
Статистика
Статистика посещаемости сайта счетчик посещаемости, счетчик посещений
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Басты бет » Тек қана
Латын Америкасы деп АҚШ пен Антарктида аралығында орналасқан Батыс жарты шардағы ауданды айтады. Оған Мексика, Орталық Америка елдері, Вест – Индия және Оңтүстік Америка кіреді. Мексика, Орталық Америка және Вест – Индияны кейде Мезоамерика субауданына біріктіреді ( Орталық Америка ). Оңтүстік Америкада екі субауданды ажыратады: Анд елдері – Венесуэла, Колумбия, Эквадор, Перу, боливия, Чили және Ла- Плата елдері немесе атланттық - Аргентина, Уругвай, Парагвай, Бразилия. Соңғы субауданда алғашқы үш елді Чилимен қоса жиі Оңтүстік конус субауданына біріктіреді.
«Латын Америка» түсінігі дүниенің осы бөлігіндегі Пиреней түбегінің роман халықтары испандықтардың және португалдықтардың тілі, мәдениеті мен дәстүрінің ықпалымен тарихи қалыптасқан ұғым. Олар 16 – 17 ғасырларда Американың осы бөлігін жаулап алып, оны отарлады және осында қалыптасқан ұлттардың маңызды бөлігін құрады. Европаның басқа елдерінің - Ұлыбритания, Франция, Нидерландының отарлау жаулап алушылықтары көп болған жоқ және кем басталған, сәйкесінше оның халықтарының ұлттық әсері айтарлықтай көп емес. Қазіргі таңда Латын Америкасының 33 саяси лербес мемлекеттерінің 18- інде ресми және басым тіл – испан тілі ( халықтың 63% ); Бразилияда ( халықтың 34% ) – португал, ал 14 кішігірім елдерде ( халықтың 3% ) ресми тіл болып француз тілі ( Гаити ) жарияланған, ағылшын Гайана, Тринидад-и Тобаго, Барбадос, Ямайка , Багам аралдары , Гренада, Доминика, Сент - Люсия, Сент- Винсент және Гренадин, Сент- Кристофер және Невис, Антигуа и Барбуда, Белиз және голланд тілі суринамда. Соңғы жылдары Вест-Индияның көлемді емес жерлері тәуелсіздік алуына байланысты және Белиз, Гайана, Суринам « Кариб елдері » географиялық субауданына біріктіріліп жүр. Ал барлық аймақ БҰҰ- ның номенклатурасында « Латын Америкасы және Кариб елдері » деп аталады. Алайда ресми құжаттардан тысқары бұл аймақты ескі дәстүр бойынша Латын Америкасы деп атайды.
Латын Америкасы елдері тарихи жағдайлардың және қазіргі әлеуметтік – экономикалық дамудың жағдайларын біріктіреді. Бұлардың бәрі ұлттық тәуелсіздігін өзінің басқарушы елдерінен алған Европа елдерінің баяғы отарлары болып табылады. Испандық отарлардың көбісі тәуелсізідігін өзінің 1810- 1825 ж алды. Өзінің қалыптасу кезінде – ақ осы экономикалық әлсіз мемлекеттер алдымен Ұлыбританияға және Францияға , кейіннен АҚШ- қа қаржылық тәуелділікте болды.
ІІ д.ж.с кейінге отарлау жүйесінің күйреуі Латын Америкасы елдеріне де әсер етті. Куба халқы 1959 жылдың қаңтар айында қарулы жолмен тәуелсіздігін алды, Ұлыбританияның көптеген отарлары да егемендікке жетті. Латын Америкасындағы демократиялық қозғалыстардың нығаюына Никарагуалықтардың 1979 жылы Самос әулетінің құлатуы зор маңызы болды. АҚШ алдында басып алған жерлерді басқаруын жалғастырып келеді: Пуэрто – Рико ( АҚШ – қа өз еркімен қосылған мемлекет деп жарияланған ), Панама каналының аймағы, Виргин аралдары. Олар өз қолдарына әскери жүйені ұстап отыр, соның ішінде Кубаның территориясынндағы Гуантаманы.


Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 32476 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 02.11.2010 | Пікірлер (99)

Шыңғыс Айтматов (қырғызша: Чынгыз Айтматов) (1928 ж. желтоқсанның 12 Шекер, Қырғыз АКСР — 2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания) — ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.
Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді. Жазушының өзі де қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы «халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген шәкірті болған.
Мұхтар Әуезовті өмір бойы пір тұтып өткен жазушы жазып жатқан жаңа шығармасын Жуалы топырағынан бастамақ болған еді. Қазақстандағы БТА банктің құрметті президенті болып та¬ғайындалған. Жазушының кандидатурасын жақында түркітілді елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі (TÜRKSOY) түрік әлемінің атынан Нобель сыйлығына ұсынған-ды. Және Ш. Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін TÜRKSOY тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған.


Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 7300 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 02.11.2010 | Пікірлер (3)

Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, «Алаш» партиясының, «Алашорда» ұлттық кеңесінің, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақын, аудармашы, «Қазақ» газетінің (1913—1918) ұйымдастырушысы әрі бас редакторы, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны Ахмет Байтұрсынұлы (5.09.1872—8.12.1937) қазіргі Қостанай облысындағы Сарытүбек (Торғай уезінің Тосын болысының №5 ауылы) деген жерде дүниеге келген. Архив деректеріне жүгінсек, А.Байтұрсынұлының өз қолымен толтырылған «Ағартушылық халық комиссариатының қызмет тізімінде: «5 сентябрь 1872 г.р.» (ҚРОМО, 81-қ, 1-тізім) деп жазылған. Тағы осы қордағы: «Жауапты қызметкерлер анкетасында»: «...1872 г., 5/ІХ урож. Торгайского уезда» деп көрсеткен.
Әкесі Байтұрсын Шошақұлы беделді, әділетті кісі болған. Ағайынды Байтұрсын мен Ақтас ел қамы үшін Яковлев деген жергілікті уездің бастығына қарсылық көрсеткендері үшін бас бостандықтарынан айырылып, 15 жылға, яғни, 1885 жылы Сібірге жер аударылады. Өзінің күрескерлік жолға түсуіне осы оқиғаның тікелей әсері болғанын ақын Ахмет «Анама хат» өлеңінде:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бәрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам? — (1: 115)
деп еске алған.
Әкесінің інісі Ерғазының тәрбиесінде болған Ахмет бастауыш білімді Ыбырай Алтынсарыұлы негізін қалаған қазақ мектебінде алып, 1891 жылы Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіреді. 1896—1907 жылдары Дақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық және болыстық мектептерде мұғалім болып қызмет атқарады. Білім беру жүйесімен ерте таныс болған ғалым осы саладағы қажеттіліктерге ерекше назар аударған. Ол мектепке арналған оқу құралын жазуды қолға алады. Кейін бұл жұмыс қазақ тілі мен әдебиетінің ғылыми заңдылықтарын түсіндіретін теориялық еңбектер жазуға ұласты.


Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 3602 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 02.11.2010 | Пікірлер (2)

Айт исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Ол ораза айты, құрбан айты деп аталады. Айт Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айты отыз күн ораза біткеннен кейін болады. Ораза айын "рамазан айы” деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Мұхамет пайғамбар Алла тағаланың сөзін ораза айында естіген.
Құрбан айты да мұсылмандардың бас мейрамы. Ол Ораза айынан соң 70 күннен кейін басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. (Зұлхижа – қажылыққа баратын ай).
Құрбан айтында әр мұсылман дін құрметіне, әруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып құрбан шалады. "Бұл да мұсылманшылықтың басты бір парызы ("Мұхтасар” ). Құрбан шалушыға жұрт "Құрбандық қабыл болсын” дейді. Ауру, ақсақ , соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Әруақтарға бағышталып дұға оқылады, бата беріледі.
Айт күндері таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып, құттықтайды "Айттық” сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар жақсы, иманды адамдар деп саналады. "Айт күні айтқан тілеулері дұрыс екен бишаралардың....” ( Б. Майлин).
Екі айт та мұсылман елдерінде үлкен той дәрежесінде өтеді және ол демалыс күндері болып қалыптасқан.
Ораза айт пен құрбан айт. Орта Азия халықтары сияқты, Қазақ арасына да ислам діні тараған. Содан кейін ел ішіне аса маңызды діни мейрамдар мен дәстүрлер де Қоса еніп, жатырқаусыз Қабылданған. Заманнан заман өте келе оның сарыны санаға сіңіп, Ұлттық сипатқа айналған. Сондай халықтық мейрамның бірі — Ораза айт. Бұл ислам дінінің ережесі бойынша арнайы белгіленген айда жыл сайын отыз күн ораза Ұстап, ауыз бекіту парызы өтеліп біткеннен кейін ауыз ашып, тамақты еркін ішіп-жеуге жол берілетін алланың рақымы. Ауыз ашудың рәсімі басталған соң, Ұдайы Үш күн мереке салтанаты жасалады. Мұсылмандар барлық жұмысты, шаруаны тоқтатып, сол күндері емін-еркін ойнап-күлуге ерікті. өз ниетінің Қуанышты мерейіне бөленуге тиіс.
Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 3479 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 02.11.2010 | Пікірлер (1)

Ньюфаундленд—материктен бөлінген арал, ол орасан зор көлемдегі материктік тайыз жағалауда жатыр. Осы тайыз жерлердін бедерінен өзен аңғарлары айқын байқалады. Мұның өзі бұл жерлерді бұдан біршама уақыт бұрын мұхит суы басқанын көрсетеді. Ньюфаундлендтің төңірегінде теңіз түбінің едәуір жоғары көтерілген учаскелері — банкалары бар. Олардың ішіндегі неғұрлым белгілісі — аралдың оңтүстік-шығысына таман жатқан Үлкен Ньюфаундленд банкасы. Ол өзге банкалармен қоса есептегенде шамамен Ньюфаундлендтің өзі көлеміндей жерді алып жатыр деуге болады.
Арал түгелдей дерлік биіктігі 400—600 м келетін дөңес үстірт болып табылады. Ол Аппалач тау жүйесінің бір белігі ретінде байырғы кристалл тау жыныстарынан тұрады. Аралдың ең биік бөлігі — Лонг-Рейндж тауы, оның биіктігі 800 метрге жетеді.


Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 1739 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 02.11.2010 | Пікірлер (0)

Гренландия — Жер шарындағы мейлінше үлкен арал, 2 миллион шаршы километрден астам жерді алып жатқан орасан зор физикалық-географиялық аймақ.
Гренландия европалықтардың батыс жарты шардағы ең алғаш рет ашқан құрлығы болатын. IX ғасырдың аяқ кезінде Исландиядан жүзіп келген нормандар оған тұңғыш рет аяқ басты. Гренландияны зерттеу ісін даниялық отаршылдар ХVІII ғасырда қолға алған болатын. Ал, XIX ғасырдың бас кезінде бұл жұмысты ағылшындар жүргізді, одан кейін негізінен Скандинавия елдерінің ғалымдары жалғастырды.
Гренландияның оңтүстік бөлігін 1888 жылы бірінші рет Нансен кесіп өтті, одан кейін XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Гренландияны түрлі елдердің ғалымдары бірлесіп ұйымдастырған экспедиция кесіп өтті. XX ғасырдың 30-жылдарында неміс ғалымы А.Вегенер Гренландияның ішкі бөлігінде (Айсмитте станциясы) қыстап қалды, сөйтіп Гренландияның метеорологиясы мен гляциологиясы жөнінде бағалы деректер жинады.
Ньюфаундленд аралы өзінің көлемі (111 мың км2 шамасында). Ол материктен солтүстікте жіңішке Белл-Айл бұғазы арқылы, ал оңтүстік-батыста бұдан едәуір енді болатын Кабота бұғазы арқылы бөлініп жатыр.


Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 6070 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 02.11.2010 | Пікірлер (3)

Материктің ашылу және зерттелу тарихы. 1492 жылы Х. Колумб бастаған Испан экспедициясының материктік оңтүстік жағалауын ашқан. Х ғасырдың аяғында Исландия жағалауы арқылы Гренландия жағалауына жеткен нормандар солтүстіктің қатаң климат жағдайында бірнеше жүз жыл бойы аралдың оңтүстігі мен оңтүстің шығыс жағалауында тұрған. Кейінірек олар Лабрадор түбегінің солтүстік шығыс жағалауына дейін жеткен. Кейіннен ХV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбнгі жағалауын ашты. Ал 1519 жылы Эрнанд Кортес бастаған испандардың жорығы ацтектер мемелекеті орналасқан қазіргі Мексика елін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон, Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауында көптеген жаңа жерлерді ашты. Материкте бұл саяхатшылардың құрметіне қойылған жер – су атаулары баршылық.
Солтүстік Американың Ресей шекараларына көршілес орналасқан Аляска жерін ашу мен оны зерттеп игеруде орыс саяхатшылары зор
үлес қосты. 1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Широков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлай жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді. 1778 жылы ағылшын Джеймс Кук Солтүстік Американың батыс жағалауы мен жоғары ендікке дейін зерттеу жұмыстарын жүргізіп Нортон шығанағын зерттеді.
ХХ ғасырдың басында норвег поляр зертеуші Руаль Амудсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, жердің солтүстік магниттік поюсінің орнын анықтады. Қазіргі кезде материк табиғатын зерттеумен табиғат байлықтарын игеруде ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарын пайдаланылуда. Бұл зерттеулер осында орналасқан Ақш пен Канада сияқты күшті дамыған мемлекеттер қатысу арқылы жүргізіледі.


Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 3304 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 02.11.2010 | Пікірлер (4)

Тікұшақ — аты айтып тұрғандай, тұрған орнынан тік жоғары көтеріле ұша алатын және тік қона алатын ауе машинашы. Оның негізгі күші роторында. Роторға винт (бұранда) арқылы қанатшалар бекітіледі. Ротордың көмегімен айналып тұратын қанатшалар әуе машинасына көтергіш күш пен алға тартқыш күш береді. Тікұшақтардың типтеріне байланысты роторлы моторларының саны да әр түрлі болады.
Тік ұшақтың шығу тарихы
Тікұшақты инелікке қарап жасаған деген жалпылама түсінік болғанымен оның техникалық негізі б.з.д. 400 жыл бұрын Қытайда балалар ойнайтын бұрандалы ойыншықта жатыр. Бұрандалы ойыншық дегеніміз бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі немесе төрт қанатшасы бар, ортасында алақандардың арасына салып үйкеуге ыңғайлы таяқшасы бар кішігірім ойыншық.
Алғашқы тік ұшатын зат ретінде қарастырылатын балалар ойыншығының ерте кездердегі адамдардың әуе заңдылықтарын білгендігін көрсетеді. Ойыншық қанаттарының айналған кезінде ауа ағынына белгілі бір жылдамдықпен еніп, қанатының алдыңғы жағының көтеріліп тұруынан көтергіш күш туғызатыны сол кезде ескеріліп, қанаттары жалпақ етіп немесе тік етіп жасалмаған.
Тарих қойнауында қалған деректер бойынша 1475-1480 жылдар аралығында итальяндық өнертапқыш әрі суретші Леонардо да Винчидің сызбалық нұсқада жасаған тікұшақ сұлбасы болған. Леонардо да Винчидің жасаған сызбасы төмендегідей:Әуе бұрандасы (aerial screw) "Әуе бұрандасы (aerial screw)” деп сипатталған тікұшақ сұлбасы ешқашан ұшатын аппарат ретінде шынайы жасалған емес. Тек қағаз бетінде ғана қалған. Бұған қарағанда көнедегі қытай балаларының ойыншығы қазіргі заман тікұшақтарына ұшуы мен қанаттарының орналасуы жағынан әлдеқайда жақынырақ.
Malimetter.org


Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 3803 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 16.10.2010 | Пікірлер (0)

Интернетке 41 жыл болды. 1969 жылы қыркүйектің 2-сінде Лос-Анжелестегі Калифорния Университетінде Лен Кляйнрок зертханасының 20 зерттеушісі екі үлкен компьютердің сұр төртметрлік кабель арқылы өзара мәлімет алмасқанын алғаш рет байқаған болатын. «Арпанет» аталған желі алғашқы қадамын осылай жасаған болатын. Бір айдан кейін бұл желіге Стэнфорд зерттеу институты қосылды. Калифорния Университеті мен Стьэнфорд институтының арасында 1969 жылы қазанның 29-ында тарихта алғаш рет өзара сөз алмасылды. Лен Клейнрок пен оның зерттеушілер тобы олардың осы бір еңбегінің нәтижесі орасан болатынын білген жоқ шығар. Әлеуметтік желілер, онлайн-ойындар, басқа да мүмкіндіктер олардың түстеріне де кірмеген шығар. Бірақ та, сол ғалымдардың еңбектерінің арқасында бүгінде 1,5 миллиардтан астам адам Ғаламторды пайдалануда. Дегенмен, «интернет» сөзі 90-шы жылдары, британдық физик Тим Бернерс-Ли алыс қашықтықтардағы ресурстар желісіне қосылуға мүмкіндік беретін таратушы жүйе - World Wide Web «ғаламторын» ойлап тапқаннан кейін ғана кеңінен қолданыла бастады.
Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 1868 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 19.09.2010 | Пікірлер (2)

Ай (лат. luna) – Жердің табитғи серігі өзінен жарық шығармайтын жерге ең жақын аспан денесі. Ол жерді элипстік арбита бойымен (1,02 км/с жылдамдықта) айналады. Ай жер тәрізді, диаметрі 34,76 км  (Жер диаметрінен 4 еседей аз) массамен 7,36* 1022 кг тығыз. 3343 кг/м3  Ай бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 1,62 м/с 2  орбитасының және элипсті денелері ұйытқуы ықпалында боуына байланысты. Айдың жерден қашықтығы 356400 км-ден 406800 км-ге де дейін артады, ал орташа қашықтығы 38440 км.Ай-уақыт өлшемі жылдың бөлігі. Ол үш түрге ажыратылады.

1) Синодтық Ай – айдың бірде йекі фазасы аралығындағы  шамамен 29,53 күн тәулігіне тең уақыт;

2) Сидерлік Айдың жұздызға қатысы Жерді толық бір рет айналып шығатын шамамен 29,53 күн тәулігіне тең уақыт;

3) Айдаһар-Ай орбитаның белгілі бір нүктесінен үзіліссіз екі рет өткен 27,21 күн тәулігіне тең уақыт. Мұның үшеуі де тұрмысқа қолдануға қолайсыз келеді. Себебі олар бөлшек сандармен өрнектелген. Сондықтан жыл күнтізбеде 28,29,30,31 күн тәулігігмен бітетін 12 Айға бөлінген.


Прикрепления:
Категориясы: | Көрілімі: 17845 | Қосқан: Muha | Қосылған күні: 18.09.2010 | Пікірлер (161)

1 2 3 4 5 »
Тақырып іздеу
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Жарнама
Ауа-райы

Ақша айналымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары
Сілтемелер
Мағжан Жұмабаев PDF кітаптар Кітапхана «Елтұтқа» Ақселеу Сейдімбеков Дүрәлі Дүйсебай Тіл төңірегіндегі толғамдар Көшпенділер ШЫҒАРМАЛАРЫ Өлеңдері Тіл туралы толғам Түркі өркениеті негізіндегі ҚАЗАҚ ИДЕЯСЫ Дос туралы дастан телефон Қазақ шежіресі Ұялы телефон Автокөлік Алпамыс батыр көлік дипломдық жұмыс Ананың арашасы калькулятор жүктеу Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі Шәкәрім Құдайбердіұлы Ораза Құттықтаулар мақал-мәтелдер Конститутция Ғарыш негізін салушы Ұлы Отан соғысы Google туралы Электрондық пошта Ең алғашқы танк Қазақтың ұлттық киімдері Қазақтың ұлттық ойындары Семей ядролық полигоны Шоқан Уәлиханұлы өмірі Килиманджаро Гималаи Джомолунгма Эверест Марс планетасы Шолпан планетасы Ай туралы интернет интернет туралы Тікұшақ Америмка АҚШ аралдар Гренландия ньюфаундленд Құрбан айт Шыңғыс Айтматов Латын Америкасы Реферат Рефераттар астана Ұлттық киімдер Ұлттық ойындар Семей полигоны Баскетбол Волейбол C.Торайғыров
Байланыс
Ref-Kaz-бен мүшелерімен байланысу үшін және сайтқа жарнама беру үшін мына электронды поштаға хат жаз:compauto1@yandex.ru